сайт статистики

Атырауда «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өтті

13 тамыз 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) ҚМГ БӨ еншілес ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында 7-ші «Үздік маман-2014» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

13 тамыз 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) ҚМГ БӨ еншілес ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында 7-ші «Үздік маман-2014» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Биылғы байқау Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында ұйымдастырылды. Байқауға «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС «ҚМГ» БӨ»-нің еншілес және бірлескен кәсіпорындарынан 56 қызметкер қатысты. Олар – әрбір кәсіпорында алдын-ала өткізілген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары.

«Үздік маман-2014» байқауы 10 мамандық бойынша өткізілді: мұнай мен газды өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, мұнайды дайындау операторы (тауар операторы), қабат қысымын қадағалау операторы, ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы (бригада), мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу слесарі, газ-электр дәнекерлеушісі, токарь, электромонтер (бригада), химиялық сараптама лаборанты. Байқау теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрды.

Қорытындылау барысында комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін ұстануына, тәжірибелік тапсырманы орындау уақыты мен сапасына, теориялық дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлді.

Әр мамандық бойынша байқау жеңімпаздары «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақы алды. Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылардың жалақысына бір жыл бойы тарифтік мөлшерлеменің 30%, 20% және 10% көлемінде қосымша ақы төленеді.