Пресс-релиз. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты», ардагер геолог Орынғазы Есқазиевтің 80 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті.
Пресс-релиз. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты», ардагер геолог Орынғазы Есқазиевтің 80 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті.
18 қыркүйек 2014 ж. Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ –ның ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты», ардагер геолог Орынғазы Есқазиевтің 80 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті. Оған Атырау облыстық, қалалық әкімшілігінен, ҚР Энергетика Министрлігінен, ҚР Инвестиция және дамыту Министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Тенгизшевройл» БК» ЖШС, Республикалық геолог-мұнайшылар Қоғамынан арнайы қонақтар шақырылды. Сонымен қатар шараға ардагер мұнайшылар, ембілік мұнайшылар, студенттер қатысты.
Салтанатты шараны кіріспе сөзбен ашқан «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Махамбет Досмұхамбетов қонақтарға қош келдіңіздер айтты.
- Бұл тек бір кісінің мерейтойы емес, бұл- ембілік мұнайшылардың мерейтойы. Олай дейтін себебім, еліміздің мұнайгаз саласының тарихы-осы Ембіден бастау алды. Біз еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан мұнайшы ардагерлеріміздің еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Өздерінің бар саналы ғұмырын мұнай саласына арнаған ардагерлерімізді құрметтейміз, мақтан тұтамыз - деп атап өтті Махамбет Жолдасқалиұлы.
Салтанатты шарада сөз алған қонақтар Орынғазы Есқазиевтің өнегелі өмір жолына, еңбек еткен жылдарына жан-жақты тоқталып, мерейтой иесіне тілектерін жолдады. Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияның өнерпаздары дайындаған ән шашуы шараның сәнін аша түсті.