Пресс релиз. «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсқа жылойлық Бешімовтар мұнайшылар әулеті қатысты.
Пресс релиз. «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсқа жылойлық Бешімовтар мұнайшылар әулеті қатысты.
Елбасының бастамасымен «Мерейлі отбасы» республикалық сайысқа Атырау облысы атынан мұнайшылар әулеті -жылыойлық Бешімовтер отбасы қатысып қайтты. Оларды Атырау әуежайынан әріптестері, туысқандары, іскер әйелдер Ассоциациясының өкілдері қарсы алды.Әеужайда брифинг ұйымдасытырылып, онда Бешімовтар отбасы Астанадан алған әсерлерімен бөлісті.
Атыраулықтарға кеңінен танымал Бешімовтердің мұнайшылық кәсіпке ден қоюы 1926 жылдан бастау алады. Аталары бақташы Бешим Қызылбасов Жылыой жерінен алғаш мұнай тапқан адам. Кейіннен Қосшағыл, Толес мұнай кеніштерінің ашылуына аралсқан.
Әке жолын ұлы Ердаулет жалғастырып, алдымен мұнай өндіруші оператор, өндіріс шебері болып еңбек еткен. Ердаулеттің жолын ұлы Наурызғали сәтімен жалғастырған.
Бүгінде Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласында тұратын Бешімовтер отбасының отағасы Наурызғали қарт республикалық деңгейдегі зейнеткер, Жылой ауданының «Құрметті азаматы». Ол еңбек еткен жылдарда Ембі жеріндегі көптеген мұнай кеніштерінің ашылуына үлес қосқан.
Еділ-Жайық-қос өзен аралығындағы мұнай-газ өндіру басқармасының алғашқы басшысы болған. Бүгінде Бешімовтер отбасында тәрбиеленген екі ұл мен екі қыз еліміздің мұнай-газ саласында еңбек етіп жүр. Бешімовтер отбасының мұнайшылық кәсібін немерелері де жалғастыруда.
Астанада өткен шарада Бешімовтер отбасы Президент Н.Назарбаевтың қолынан автокөліктің кілтіне ие болды.