Пресс релиз. «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының кеңсе ғимараты пайдалануға берілді
Пресс релиз. «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының кеңсе ғимараты пайдалануға берілді
02 қазан 2014 ж. Атырау қаласы. «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ» АҚ) Орталық аппараты қызметкерлері үшін салынған кеңсе ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С.Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ («КМГ»БӨ» АҚ) Бас директоры А.Нүрсейітов, Атырау облысының «Құрметті азаматы» Айдын Айбаров, «ЕМГ» АҚ Бас директоры М.Досмұхамбетов және ардагер мұнайшылар мен еліміздегі мұнай-газ өндіру Компанияларының басшылары қатысты.
Ғимараттың ашылу салтанатына Корей Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Пэк Чу Хен мырза арнайы келді.
Елші ғимараттың символикалық кілтін «ЕМГ» АҚ Бас директоры М.Досмұхамбетовке табыс етіп, жұмыстарына сәттіліктер тіледі. Шараның ашылу салтанатында «Ембі: кеше, бүгін, болашақ» атты энциклопедиялық кітаптың тұсау кесер рәсімі өтіп, шараға орайластырылған деректі фильм көрсетілді.
2011 жылдың ақпан айында бір топ ардагер мұнайшылар «ҚМГ»БӨ» АҚ басшылығына «ЕМГ» АҚ-да (сол кездегі өндірістік филиал) жаңа кеңсе ғимаратын, мұнайшылар мұражайын, мұнайшылар аллеясын салу жөнінде ұсыныс хат жолдаған.
03.09.11 жылдың қыркүйек айы Доссор мұнайының 100 жылдық мерейтойында «ЕМГ» АҚ жаңа кеңсе ғимаратының жобасымен таныстыру рәсімі өтіп, ғимараттың іргетасының алғашқы кірпішін қалау салтанатты шарасы ұйымдастырылған.
Ғимараттың құрылыс жұмыстары 2013 жылдың ақпан айында басталып, құрылыстың аяқталу уақыты 2014 жылдың желтоқсан айы деп бекітілген. Ғимарат құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын жасаған –«Промстройпроект» ЖШС (Астана қаласы).
Құрылыстың мердігері- Оңтүстік Кореяның «Dongil Construction CO. LTD» Компаниясының филиалы. 10 219 шаршы метр жерді алып жатқан жаңа ғимарат 4 блоктан (А,Б,В,Г ) және 8-қабаттан тұрады. Ғимарат 350 адамға есептелінген. Кеңсе ғимараты заман талабына сай толықтай жабдықталған.
Мұнда Компанияның ғасырдан астам тарихын бір ортаға жиған мұражай, тарихи деректерді сақтайтын мұрағат, 70 адамға бір мезетте қызмет көрсететін асхана, 100 кісілік мәжіліс залы мен 30 орынға есептелген семинар залы, 200 кісілік конференция залы орналасқан.
Сонымен қатар, ғимаратта «ЕМГ» АҚ-ның кен алаңдарындағы жер асты жөндеу бригадаларының жұмысын, кеніштегі автокөліктердің жүрісін, кеңсе іші мен толықтай аумағын онлайн жүйесінде бақылап отыратын арнайы бөлме, соңғы үлгіде жабдықталған сервер (гермозона) бөлмелері бар. Ғимарат аумағына 150 көшет отырғызылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі.
Байланыстар: +7 (7122) 35-50-56