сайт статистики

Пресс релиз. Тиімді қарым-қатынасқа жол ашатын Форум

Пресс релиз. Тиімді қарым-қатынасқа жол ашатын Форум

29-30. 09.14 г. Атырауда екі күнге созылған ХI Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті.

Оған қазақстандық және ресейлік ірі компания басшылары, Қазақстанмен шекаралас Татарстан, Башқұрстан Республикалары, Свердлов, Орынбор, Челябі облыстарының басшылары және мұнай-газ секторы жетекші саналатын Қазақстанның жекелеген облыстарының басшылары қатысты.

Форумның алғашқы күні «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

«Көмірсутегі саласындағы инновациялар» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеде «Ембімұнайгаз» АҚ ресейлік қонақтарға Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мамандарымен бірлесе отырып, «КНТУ-14» демульгаторын назарға ұсынды.

«Ембімұнайгаз» АҚ тапсырысымен дайындалған жаңа әдіс арқылы 30 градус температурада су мен эмульсияны бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік болады. Ембілік мамандар бұл әдістің Ембі өндірісіне өте тиімді, энергия көзін үнемдей отырып, аз уақыт ішінде мұнайды дайындауға болады деп отыр.

Форум аясында ресейлік меймандарға қазақ халқының қонақжайлық дәстүрін, әдет-ғұрпын кеңінен көрсету мақсатында Атыраудың орталық алаңында «Этноауыл» шарасы ұйымдастырылды. Бұл шарада «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымына «Бейбарыс сұлтан» ауылы бекітіліп, онда қонақтардың назарына Бейбарыс бабамыз туралы тереңірек деректер ұсынылды.

Ембілік мұнайшылар қазақтың Ислам дініне дейінгі салт-жоралғыларынан (күн мен отқа табыну, көрісу мерекесінен басталатын Наурыз тойы туралы көріністер) үзінділер қойып, көрші елден келген делегация құрамына қазақ халқының өмірінен кеңірек мағлұматтар берді.

Форум жұмысына қатысушылар келесі жылы аталмыш шара өз жұмысын Ресейде, нақтылайтын болсақ, Башқұрстан Республикасында жалғастырады деген ортақ келісімге келді.

«Ембімұанйгаз» АҚ Баспасөз қызметі