Пресс - релиз: Мұнайлы Мақатқа - 90 жыл
Пресс - релиз: Мұнайлы Мақатқа - 90 жыл
Мұнайлы өңір- Мақат ауданына биыл 90 жыл. Мақат - бір ғасырдан астам уақыт бойы «қара алтын» өндіріліп келе жатқан аудан. Осы кезеңде қол жеткізген табыстары да аз емес. Мұнайлы аудан 1924 жылы құрылған.
Өлке тарихында мұнай және газ өнеркәсібі және темір жолымен маңызды Мақат ауданы 90 жылдық мерекесін кең көлемде атап өтті. Өндірісті ауданның өткені сараланып, келешегіне кемел жол бағытталды.
Тойға халық көп жиналды. Бәйгетөбе алаңына киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, сахна төрінде аудан өнерпаздары мен қазақ эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Сондай-ақ, ашық алаңда дала төсін дүбірлетіп аламан бәйге де өтті. Сайыс жүлдегерлерінің барлығы бағалы сыйлық, дипломдармен марапатталды. Атап өтерлігі, екі ардагер-мұнайшылар М.Шәйкөнов пен Б.Юсуповқа «Ауданның Құрметті азаматы» атағы берілді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі