сайт статистики

Пресс-релиз. Қазан – қамқорлық айлығы.

Қазан – қамқорлық айлығы

Атырау қаласындағы барлық мекеме, кәсіпорын, ұйымдарда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, қарияларға қолдау көрсетілуде. Қалалық әкімшіліктің бастамасымен Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай «Ұлы Жеңістің-Ұлы Батырлары» атты шара қолға алынып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлықтар көрсетілуде. Бұл үрдіске «Ембімұнайгаз» АҚ-да өз үлесін қосуда.

Компанияның Әлеуметтік саясат депратаменті Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе Ұлы Отан соғысындағы жеңіске дайындық шаралары аясында соғыс ардагерлерінің үйіне барып, қам көңіл қарияларды алдағы Жеңіс мерекесімен құттықтау шарасын ұйымдастырды. Мұнайшылар көзі тірі және дүниеден озған ардагерлердің отбасына барып, сый-сияпаттарын жасады.

Компания атынан соғыс ардагерлеріне гүл шоғын табыстап, құрмет көрсеткен «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова ардагерлердің бәріне де аман отыруды, келесі жылы тойланатын Жеңістің 70 жылдығында әскери саптан табылуды тілеп, көңілдеріне медеу ұялатты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі