сайт статистики

Пресс-релиз. Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған шара өтті.

Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған шара өтті

Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған шара өтті. Шараның бас демеушісі ретінде «Ембімұнайгаз» АҚ қаладағы 55 соғыс ардагерінің әрқайсысына 70 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

Атырау қалалық әкімдігі мен соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің бастамасымен «Ұлы Жеңістің - Ұлы батырлары» тақырыбында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ұлығылау шарасы өтті. Шараның бас демеушісі – «Ембімұнайгаз» АҚ. Ардагерлерге дастархан жайылып, мектеп-балабақшаның балғын өнерпаздары Ұлы Жеңіс тақырыбында өлеңдер оқып, би билеп, ән айтып, ата-әжелерінің көңілін көтерді. Қала әкімдігі 70 жылдық қарсаңындағы шараларға демеушілік көрсеткен «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры М.Досмұхамбетовтың атына Алғыс хат табыс етті.

Жайма-шуақ көңілдегі шарада соғыс ардагерлерін Қоғам директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Тасмағамбетова құттықтап, «Жеңіс мерекесі жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету – біздің парызымыз» деді.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі