сайт статистики

Пресс-релиз. Жолдау насихатталды

Пресс-релиз. Жолдау насихатталды

03.12.14 ж. Елбасының биылғы Жолдауы жарияланғанына аз ғана уақыт өтсе де, оны халыққа түсіндіру жұмыстары өңірде кеңінен жүргізіліп келеді. Жуырда Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Сайын Қуанышев пен Өмірзақ Зинуллин «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымымен кездесіп, Жолдауда айтылған мәселелерді аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен байланыстыра түсіндірді.

Алдымен Атырау-Астрахань және Атырау-Ақтөбе жолдарын күрделі жөндеу, баспана мәселесін шешуге байланысты салынып жатқан үйлер, балабақшаға кезекті, апатты және үш ауысымда оқитын мектептердің санын азайту да күн тәртібінде тұрғанын айтып, Жолдауда айтылған басқа да көптеген мәселелердің орындалу жайларын сөз етті.

Жиын соңында «Ембімұнайгаз» АҚ «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы Мәлік Әбілқайыров 15 мұнайшыға жаңа партиялық билет табыс етті.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі