Пресс-релиз. Журналистер Ембі кен алаңдарын аралады
Пресс-релиз. Журналистер Ембі кен алаңдарын аралады
12 желтоқсан 2014 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жыл ішінде атқарған жұмыстарын жұртшылыққа кеңінен жеткізу мақсатында ұйымдастырылған «Медиа-тур 2014» шарасы өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған шараға республикалық және аймақтық 12 БАҚ –ның өкілдері қатысты.
Журналистер «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты барлық басқармаларында болып, өндірістің тынысымен, мұнайшылардың әлеуметтік мәселелерімен жан-жақты танысты. Нақтылайтын болсақ, өнім деңгейін тұрақтандыру мақсатында қолға алынған геологиялық-техникалық шаралардың орындалуы, қабат қысымын сақтау үшін жер астына су айдаудың жоспары, ұңғымаларды жер асты жөндеу жұмыстарының нәтижесін табуы т.б. жұмыстар назарға алынды. Журналистер аса жоғары қызығушылық танытқан мәселе - Ембі өндірісінде іске қосылып жатқан жаңалықтар, жаңа әдістер турасында болды.
Ембі өндірісіндегі соңғы кездерде жаңа технологиялардың іқолданысқа енуі батыл жүріп жатыр. Дәлірек айтсақ, осы уақытқа дейін үлкен проблема тудырып келген Ілеспе газды ауаға жағу мәселесі шешімін тапты. Өніммен бірге шығатын ілеспе газды тазалау және қадеге жарату соңғы 2 жылда нәтижесін тапқан оң өзгеріс. «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның Шығыс Мақат кен алаңы мен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на қарасты С.Балғымбаев кенішіндегі Ілеспе газды тазалау және пайдалану қондырғысы орнатылып, газ Қызылқоға, Мақат және Исатай аудандарының тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етуге жұмысалуда.
Отандық кәсіпорындағы тағы бір жаңалық, кен қабаттарына полимер реагентін айдау. Бұл – жылпы ел бойынша жаңа әдіс. Үстіміздегі жылдың 22-қарашасында «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Забурын кен алаңында бір ұңғымаға полимер ерітіндісін айдау басталды. Тың бастаманың нәтижесін 6 ай уақыттан кейін көреміз. Бұл шараның мақсаты сулану деңгейін төмендету, сол арқылы мұнай көрсеткішін арттыру.
Ескі кен алаңдарының екінші тынысын ашуға бағытталған игілікті іс-шаралармен танысқан журналистер мұнайшылардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға негізделген әлеуметтік бағдарламалармен де танысты.
«Ембімұнайгаз» АҚ кен алаңдарын аралаған ақпарат құралдарының өкілдері жақсы істерді көріп, игілікті шаралардың куәсі болды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі