сайт статистики

Пресс-релиз. Мұнайшылар Тәуелсіздік күнін атап өтті

Пресс-релиз. Мұнайшылар Тәуелсіздік күнін атап өтті

15 желтоқсан 2014 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ мәжіліс  залында еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма үш жыл толуына орай салтанатты жиын  өтті.  Оған акционерлік қоғамның Орталық аппаратының ұжымы, ардагер-мұнайшылар қатысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Махамбет Досмұхамбетов ұжым мүшелерін егемендігіміздің 23 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы кезеңдегі Ембі өндірісінің тынысына қысқаша талдау жасап өтті.  Бұдан соң мінбеге көтерілген Құқықтық қамту департаментінің аға заң кеңесшісі Артур Кен қазақ тілінде баяндама жасап, 23 жылда еліміз, соның ішінде мұнай-газ саласы қол жеткізген табыстарды саралап , тәуелсіздікке өз үлестерін қосқан мұнайшылардың табысты еңбектеріне кеңінен тоқталды.

Жарыс сөз кезегіне шыққан Бас директордың Қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, қызметкерлерді басқару  және дамыту департаментінің директоры Гүлбану Шарафетдинова ел егемендігіне қол жеткізген кезеңдегі мұнайшыларға жасалған қамқорлық-жеңілдіктерді айта отырып, бұл тәуелсіздігіміздің көрінісі деген ойларын ортаға салды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі