сайт статистики

Ақпараттық хабарлама. «Ембімұнайгаз» АҚ-да бас директор ауысты

Ақпараттық хабарлама. «Ембімұнайгаз» АҚ-да бас директор ауысты

13 қаңтар 2015 жыл, Атырау қ. «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ», «Компания») директорлар кеңесінің шешімімен Компанияның бас директоры болып «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ бас геологы, геология бойынша басқарушы директоры қызметін атқарған Құрманғазы Есқазиев тағайындалды.

Бас директор қызметін атқарған Махамбет Досмұхамбетовтың өкілеттігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Анықтама

Қ. Есқазиев 1965 жылдың 11 мамырында туған. 1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Мұнай факультетін тәмамдаған. 2006 жылы Томск политехникалық университетін Геология-минералогиялық ғылымдар кандидаты квалификациясын алып бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1985 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде бастаған. 2004-2008 жылдар аралығында ҚМГ БӨ компаниясында геология және игеру департаменті директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарған. Бұдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай мен газды өндіру жөніндегі атқарушы директоры, геология, геофизика және резервуарлар бойынша басқарушы директор, бас геолог қызметтерін атқарған.