сайт статистики

Пресс-релиз. Зейнеткерлік демалысқа шығарып салу шарасы

Пресс-релиз.  Зейнеткерлік  демалысқа шығарып салу шарасы

30.01.15. «Ембімұнайгаз» АҚ-да дәстүрлі шара- зейнеткерлік демалысқа салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті. «Ембімұнайгаз» АҚ  ұжымы  аса құрметке ие болған, өз ісінің кәсіпқойы, өзінің көпжылдық тәжірибесін жаңа қабылданған жас мамандарға жеткізе білген бухгалтер Аққайша Абдрахманованы  құрметі демалысқа шығарып салды. Салтанатты шараға «Ембімұнайгаз» АҚ  Бас директорының бірінші орынбасары А.Габдуллин, Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Тасмағамбетова және департамент басшылары мен Орталық басқару аппаратының ұжымы толықтай қатысты.  Зейнеткерге  салтанат залында құрмет көрсетіліп,   алғыс хаттар, гүлдер және 40 жыл қызмет  еткен ұжымындағы еңбек сәттері бинеленген  естелік  фильм табыс етілді. 

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының орынбасарлары А.Гизатұлы мен Р.Нұрғалиқызы мерей жас иесіне жылы тілектерін арнады.

Айболат Гизатұлы  мерейжас иесін  құрметті демалысқа шыққанымен құттықтап, көпжылдық адал қызметіне алғысын білдіріп, денсаулық, амандық және әрдайым көтеріңкі көңілде болуын тіледі. 

- Аққайша Орынғалиқызы Ембі өндірісінің дамуына өзіндік үлесін қосып, осы салада  40 жылдан аса уақыт еңбек  етті. Ембі өндірісінің дамуындағы  мінсіз қызметі, қарапайым есепшіден аға бугалтер, экономист, 2-категориялы бухгалтер лауазымына   дейін жетуі өз кәсібіне сенімділіктің, еңбекқорлық және батылдықтың үлгісі болады. Еңбек еткен жылдар ішінде ол өзін жоғары квалификациялы маман ретінде көрсете білді,- деген Рысты Нұрғалиқызы, мерейжас иесіне Алғыс хатты табыстап, иығына камзөл жапты.

Ұзақ жылдар «Ембімұнайгаз» АҚ  Орталық басқару аппаратында абыройлы еңбек еткен Ақақайша Орынғалиқызын әріптестері   жұмыста адамдармен тез тіл табыса алатын, мейірімді, елгезек адам деп таниды. Сондықтан да  салтанатты шараға жиналғандар саны әддеттегісінше көп болды. Салтанатты шараның соңы естелік суретке түсуге ұласып, ұжымдастар мерекелі дастархан басында бас қосты.

Баспасөз қызметі