сайт статистики

Пресс-релиз. Облыс әкімшілігі мен «Ембімұнайгаз» АҚ өндіріс процестерін тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша серіктесе әрекет ету туралы өзара түсіністік Меморандумына үш жақты қол қойды

09 ақпан  2015 ж.   Атырау облысында өткен жергілікті қамтуды дамыту форумында облыс әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ ұйымы арасында өндіріс процестерін тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша серіктесе әрекет ету туралы өзара түсіністік Меморандумына үш жақты қол қойылды.  

Атырау облысы тарапынан облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов, «Ембімұнайгаз» АҚ тарапынан Бас директоры Қ.Есқазиев және кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің төрағасы К.Шанканов өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек құқығын қамтамасыз ету және жұмысшыларды жұмысқа орналастыру жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты өндірістік кешеннің тұрақты жұмыс  жасауын қамтамасыз ету және жұмыспен қамту болып табылады.

Баспасөз қызметі