сайт статистики

Пресс релиз. Мұнайшылар балық аулады

Пресс релиз. Мұнайшылар балық аулады

Ембілік мұнайшылар орталық басқару аппараты кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 21 ақпан, сенбі күні Жайық өзенінен балық аулауға шықты. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» дегендей балық шаруашылығы жақсы дамыған өңірде әр салада еңбек етіп жатқан жергілікті тұрғындар балықшылықты қосымша кәсіп әрі демалыс түріне айналдырған. Бұл үрдістен ембілік  мұнайшылар да қалған емес. Балық аулау ол әрі еңбек, әрі ермек, әрі демалыс. Таң сәріден басталған бұл қызықты да қарбалас шақ шаңқай түске дейін жалғасты. Қыстың қыраулы күніне қарамастан таза ауада балық аулаудың қызығына берілген әуесқой балықшылар осылайша тамаша демалды. Ал белсенді қатысушыларға сый-сияпат табыс етілді.

-  Осындай жақсы бастама көтеріп, шараны ұйымдастырған орталық басқару аппаратының кәсіподақ комитетіне ризашылығымызды білдіреміз.Мұндай демалыс түрі ұжым мүшелерінің арасында татулық, ынтымақты қарым-қатынас туғызады, адамдар бір-біріне жақындай түседі. Бәріміз бір ұжымның мүшесі ретінде сыйластықта болып, жарасты демалып қайттық. Бүгінгідей уақыт тапшы заманда, мұндай демалысқа толық бір күніңді аямауға болады, - дейді механика және транспорт департаментінің директоры Асан Ибраимов.