Пресс-релиз. Ардагерге құрмет көрсетілді
Пресс-релиз. Ардагерге құрмет көрсетілді
26.02.2015 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратында майталман мұнайшыны құрметті демалысқа шығарып салу салтанатты шарасы өтті.
44 жылға тарта еңбек өтілінің 32 жылдан астам уақытын Ембі кен алаңдарының дамуына арнаған мұнайшы Ғазиз Каукеновті құрметті демалысқа шығарып салу салтанатына «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры, бас директордың орынбасарлары, басқарма басшылары және департамент директорлары қатысты. Салтанатты шарада сөз алған бас директор Құрманғазы Есқазиев мерейжас иесіне жылы лебіздерін арнады.
- Еңбек жолыңызда инженер, аға инженер, жетекші маман, бас технолог, бас инженер, «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында басшылық лауазымдарын атқарған жылдарда білікті маман, талапшыл басшы ретінде ерекшелендіңіз,- деген Қ.Орынғазыұлының сөзін әріптестері Айболат Габдуллин, Шаймерден Төленгітов, Серік Абдиевтер жалғастырып, ардагердің еңбек жолдары мен табыстарын саралап өтті.
Салтанатты шарада «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мен «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұжымдары атынан сөз алған жауапты мамандар мерейжас иесі Ғазиз Мұқтарұлының «ҚазМұнайГаз»БӨ»АҚ, ҚР Энергетика және минералды ресустар министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «Прорва» кен алаңының 50 жылдық мерейтойына орай төс белгімен, ҚР Мұнай және газ министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғаны мұнайшыға көрсетілген үлкен құрмет екенін атап өтті.
Баспасөз қызметі