Пресс-релиз. Жыл басы көрісуден басталды
Пресс-релиз. Жыл басы көрісуден басталды
14.03.15 ж. 14 наурыз күнінен Атырау өңірінде «Көрісу» салты басталды. Бұл дәстүрді ертеректе қыстан аман шыққан ағайын, «мал-жан аман ба, осы жылға да аман жеттік-ау» деп тойлайтын болған. Көрісу күні барлық адамдар бір-бірімен көрісіп, алдағы наурыз мерекесін жаксы өткізуге тырысады. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Жеті дәмнен наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды. Осы мерекені ембілік мұнайшылар жылда дәстүрлі шараға айналдырып, зор мереке ретінде атап өтеді. Биыл да солай болды. Ембілік мұнайшылар дастархан жайып, үлкен кіші бір-бірімен көрісіп, бата-тілек айтылып, мәре-сәре болысты.
Баспасөз қызметі