сайт статистики

Жұмысшы саны да жалақы да қысқармайды

Жұмысшы саны да жалақы да қысқармайды

19.03.15 ж. Өткен аптада Қазақстан Республикасы  Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың өңірлерге арналған  жұмыс сапары Атырауда жалғасты. Онымен бірге  Білім және ғылым министрі мен  Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары болды. Жұмыс сапарының мақсаты- мұнайлы өңірдегі нәтижесін тауып жатқан оң істермен танысып, алдағы уақытта назарда ұсталынатын  өзекті жәйттармен танысу.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен болған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы кеңейтілген  жиынға өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінші жетекшілері қатысты. Олар  бүгінгі қаржы дағдарысына орай туындап отырған проблемалардың алдын-алу шараларына орай өз ұжымдарында  дайындаған бағдарламалардың жүру барысы туралы кеңірек мағлұмат бере кетті.

«Жұмыс орны мен жалақы қысқармайды» деген тақырыпта сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиев  ресми қонақтарды Компанияның бүгінгі тыныс –тіршілігімен жан-жақты таныстыра отырып, қарапайым еңбек адамының  және оның отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізіліп отырған жұмыстардан да  деректер бере өтті.

- Ембілік «қара алтын» өндірушілерінің алдында мұнай өндірісі жоспарын орындау, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, экологиялық талаптарды бұлжытпай орындау, өндіріске инновациялық технологияларды енгізу шараларымен қатар  еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, жұмысшылар қатарын, олардың жалақы деңгейін қысқартпау сияқты маңызды міндеттер тұр- деген Құрманғазы Орынғазыұлы  мұнайшылардың алаңсыз еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу арқылы ұжым мүшелерінің әлеуетін көтеру мақсатындағы іс-шаралар жалғаса беретінін атап өтті.

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Қ.Есқазиев өз сөзінде Компанияның  сатып алатын отандық өнімдердің, жұмыс және қызметтердің үлесін арттыруды баса назарда ұстап отырғандығын да айта кетті. Бүгінгі таңда Компанияда  жеті Меморандумға қол қойылса, оның бесеуі Атырау облысы бойынша, екеуі Батыс Қазақстан облысындағы отандық кәсіпорынмен бекітілген. Бұл ембіліктердің Елбасының   «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырған саясатын қолдайтындықтарының айқын белгісі.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз-қызметі