Ембі өндірісінің болашағы талқыланды
Ембі өндірісінің болашағы талқыланды
01.04.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің төрағалық етуімен кеңейтілген жиын өтіп, онда Қоғамның ұзақ мерзімге көзделген болашақ жоспары талқыланды. Құрманғазы Орынғазыұлы Ембі өндірісінің алдағы уақыттарда өнім өндіру мен тапсыру бағытындағы атқаратын жұмысы жөніне кеңінен тоқталды. Мұнай-газ өндіру бағытындағы жұмыстардың бүгінгісі мен ертеңгісін саралап өтті.
- Бүгінгі қаржы дағдарысы орын алған кезеңдерде Компанияның тұрақты жұмыс жасауына жол ашуымыз керек. Ең алдымен кәсіпорынның болашағы мұнайдың бағасына тәуелді болмауы тиіс. Ол үшін біз бүгіннен бастап болашақтың жұмыс жоспарын жасап, өндіріс шығынын барынша азайтудың жолдарын іздестірумен қатар, өнім өндірудің соңғы сатысында тұрған ескі кеніштердің қатарын жаңа кен алаңдарымен алмастыруды жолға қоюымыз керек. Алда тұрған міндет- барлау жұмыстарын жандандырып, жаңа кеніштердің іске қосылуын қамтамасыз ету, - деген Бас директор әр бағыт бойынша жан-жақты тоқталып өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі