сайт статистики

Халықаралық мұнай-газ көрмесі өтті

Халықаралық мұнай-газ көрмесі өтті

16 сәуір 2015. Атырау қаласындағы   «Атырау» спорт кешенінде 14-ші Солтүстік-Каспий аймақтық «Atyrau Oil & Gaz 2015» және «Құрылыс - Atyrau Build 2015» халықаралық көрмелері өтті. Көрменің ұйымдастырушы - Iteca (Қазақстан) көрме компаниясы.

«Atyrau Oil&Gas 2015» көрмесіне Нидерланды Корольдігі ұлттық стендімен шықса, Қазақстаннан, Австрия, Германия, Дания, Ұлыбритания, Италия, Канада, Ресей, АҚШ, Түркия, Қытайдан және басқа елдерден 85 компания, алғаш рет Удмуртияның 12 мұнайгаз өндіру және мұнай сервис компаниялары қатысты. Биыл дәстүрлі секторлардан бөлек, алғаш рет «Құбырлардың коррозияға қарсы жабындары» және «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі дәнекерлеу» бөлімдері ұсынылған. Көрмеге тұрақты қатысушылар арасында - «“Қазмұнайгаз” ҰҚ» АҚ, «Ембімұнайгаз АҚ», «Теңізшевройл», «Каспиан оффшор констракшн», NCOC6 LUKOIL-Нижневолжскнефть, «Дельта», «Еlkon» және басқа да компаниялар бар.

Atyrau Build-2015 көрмесіне 30-дан астам экспонент қатысты. Оның 80 пайызы - «Құрылыс», «Интерьер», «Жылу және Вентиляция», «Терезе, Есіктер және Қасбеттер», «Керамика және Тас», «Жол құрылысы» бөлімдерін таныстыратын отандық компаниялар. Шараның ұйымдастырушысы – Iteca қазақстандық көрме компаниясы.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі