«Ембімұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жасыл желек» акциясы ұйымдастырылды
«Ембімұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жасыл желек» акциясы ұйымдастырылды
04.05.15 ж. Атырау қаласының Жеңіс саябағында ұйымдастырылған бұл акция Ұлы жеңістің 70 жылдығына орайластырылды. «Ембімұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің бастамасымен өткен шараға Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып, жастарға баталарын берді. «Жасыл желек» акциясында ембілік жас мамандар 70 тал ағаш егіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерге, қала тұрғындарына тарту етті.
Бұдан өзге Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен, компания қызметкерлерінің қолдауымен жиналған қаражат аудандарда тұратын тыл еңбеккерлеріне мерекелік сыйлық ретінде таратылды.
Акция кезінде жастар алдында сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Қуандық Калидуллин мұндай акцияның , соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қамқорлыққа алған іс-шаралардың үнемі жалғасын таба беретінін атап өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі