Ақпараттық хабарлама 27.05.15 ж. «АтырауГео - 2015» конференциясы өтті
Ақпараттық хабарлама 27.05.15 ж. «АтырауГео - 2015» конференциясы өтті
26-27.05.15 ж. күндері Атыраудағы «APEC Petro Technic» Мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың өңіраралық орталығында ІІІ халықаралық «АтырауГео-2015» «Каспий өңірі: терең қабаттағы кешендердің мұнайгазөнімділігі мен құрылысының проблемалары және көмірсутегінің генетикалық табиғаты» тақырыбында геологиялық конференция өтіп, онда саланың өзекті мәселелері сөз болды. Шараға облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, «KAZENERGY» Ассоциациясының өкілдері, отандық, алыс-жақын шетелдік геолог мамандар, ғалымдар, мұнайгаз кешені кәсіпорын басшылары қатысты. Шараның ұйымдастырушысы «Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы», Бас демеушісі – «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы.
Конференцияда сөз алған Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетовтың атап өткеніндей,өңірде отандық және шетелдік инвесторларға жағымды жағдай жасалып отыр. Аймақта 32 жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын болса, соның 18-і шетелдік және 9 компания геологиялық барлаумен айналысады. Бүгінде жер қабатына терең бойлап мұнай өндіру уақыт талабы болып отыр. Мәселен, Ембі кеніштерінде мұнай өндірудің өзіндік құны жоғары.
- Бүгінгі таңда барлық жер қойнауын пайдаланушылар алдында үлкен міндеттер бар, ол – ұңғымалардың өнімділік коэффициентін арттыру, қорды толтыру. Сондықтан жаңа кен орындарын іздеу қажет- деді «Ембімұанйгаз» АҚ Бас директоры Қ.Есқазиев. Сондай-ақ, ол сол күні конференцияның бір топ өкілдерін «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жаңа ғимаратында қабылдады.
Баспасөз қызметі