Баспасөз-мәлімдемесі 01.06.15 ж. Қоғам мамандары қазақстандық зауыттарда болды
Баспасөз-мәлімдемесі 01.06.15 ж. Қоғам мамандары қазақстандық зауыттарда болды
01.06.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бір топ бас мамандары жуырда қазақстандық бірнеше зауыттарда болып келді. Атап айтқанда, Қапшағай қаласындағы «Zhersu Metal» АҚ металлқұрастыру зауытында, электртереңдік сораптарын шығарушы «Alakol Plant», тұрмыстық және өнеркәсіптік есептегіштер шығаратын «Корпорация Сайман» ЖШС-да және Талдықорған қаласындағы аккумулятор зауытында болды.
«Zhersu Metal» АҚ металлқұрастыру зауыты шетелдік станоктар паркімен және қондырғылармен жабдықталған. Онда ілмекті арматура, тербелгіш станоктар, әр түрлі диаметрдегі құбырларға арналған бұрандалар, құралас металлконструкциялары, электр желілеріне арналған құрыш тіреулер шығарылады. «Ембімұнайгаз» АҚ механика және транспорт департаментінің директоры А.Ибраимовтың айтуынша, сапар мақсаты отандық тауар өндірушілер өнімдерімен танысу және қолдау болып табылады.