сайт статистики

Баспасөз мәлімдемесі 02.06.2015 ж.

Баспасөз мәлімдемесі 02.06.2015 ж.

02 маусымда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бір топ мамандары «Тенгизшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нысандарын қарап, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі қызметтерімен танысу және зерделеу мақсатында барды. ТШО нысандарымен танысты, ТШО офисі мен ТШО поселкесінде, ЦДП кенішті пайдалану офисінде өткен тұсаукесерге қатысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ мен «Тенгизшевройл» ЖШС арасында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласында 31 желтоқсан 2015 жылға дейін өзара серіктесе әрекет ету жөніндегі Келісім жасалды.

Осы Келісім талаптарын орындау мақсатында, қызметтермен танысу және зерделеу; қамту сапасын дамыту және арттыруға қатысты тараптармен бірлескен кеңес кездесулер ұйымдастыру секілді шаралар өткізу арқылы серіктескен қызметті жүзеге асыру көзделіп отыр.

ТШО мамандарымен келесі кездесу, 30 маусым 2015 жылға жоспарланып отыр.