Пресс-релиз 05.06.2015 ж. Экология күніне арналған салтанатты жиында
Пресс-релиз 05.06.2015 ж. Экология күніне арналған салтанатты жиында
05.06.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ –да 5-маусым- ҚР Қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған Атырау облыстық Қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ербол Қуанов пен аталмыш департаменттің жауапты мамандары, «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық кеңсесінің қызметкерлері мен барлық мұнай-газ өндіру басқармаларының эколог мамандары қатысты.
Салтанатты жиынды ашқан «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Қанатбек Қасымғалиев осы салада Компания ішілік атқарылып жатқан шараларға қысқаша тоқталып, экологтарды мерекемен құттықтады. Компанияның Қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Салима Абитова 2014 жылдың қорытындысы мен 2015 жылдың 1-тоқсанында нәтижесін тапқан оң істерге шолу жасап, жиналғандар назарына баяндамасын ұсынды.
Сөз кезегінде Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ербол Қуанов Ембі кен алаңдарында экология талаптарын сақтау мақсатында жүзеге асқан ауқымды жұмыстарға шолу жасап, ембілік мамандардың жұмысын жоғары бағалап өтті.
Жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған ембілік экологтар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.