Пресс-релиз 05.06.2015 ж. «Үздік маман» сайысы
Пресс-релиз 05.06.2015 ж. «Үздік маман» сайысы
01-05.06.15 ж. Негізгі мамандықтағы қызметкерлер арасында еңбек мотивациясын арттыру, озық жұмыс тәжірибесімен алмасу, мамандардың кәсіби шеберлігі мен теориялық даярлығын арттыру мақсатында жыл сайын «Ембімұнайгаз» АҚ-нда «Үздік маман» конкурсы өткізіледі.
2015 жылдың маусым айының 01-і мен 05-і аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік құрылымдық бөлімшелері: «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ және «Ембімұнайэнерго» басқармасында төмендегідей негізгі мамандықтар бойынша конкурстың 1-ші туры өткізілді:
- ҰЖАЖ операторы (вахта)
- Мұнай және газ өндіру операторы
- Ұңғымаларды зерттеу операторы
- Мұнай дайындау операторы (тауарлық)
- Жер қабаты қысымын сақтау операторы
- Газ- электрмен дәнекерлеуші
- химиялық лаборатория лаборанты
- сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы
- НПО слесарь – жөндеуші
- токарь
- электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері (бригада)
- ЦА машинисті
- Автокөлік құралының жүргізушісі.
1-ші турға барлығы 333 жұмысшы қатысты.
Екінші тур шілде айында Конкурстың бірінші турының жеңімпаздары арасында, Конкурстың бірінші турынан 1-ші орын алған жұмысшыларға Қоғам деңгейіндегі мамандық топтары бойынша «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нда өткізіледі.
Конкурс екі кезеңмен өтеді:
1) теориялық дайындық деңгейін тексеру
2) практикалық тапсырмаларды орындау
Практикалық тапсырманы бағалау барысында комиссия конкурсқа қатысушылардың еңбектің озық формалары мен әдістерін қолданылуына, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауына, практикалық тапсырмаларды нормативтік уақыт ішінде сапалы орындауына аса назар аударады.