Баспасөз мәлімдемесі 08.06.2015 ж.
Баспасөз мәлімдемесі 08.06.2015 ж.
08.06.15 ж. Қордың толығуы – «Ембімұнайгаз» АҚ қала қалыптастырушы кәсіпорын алдында тұрған маңызды міндет. Аталған міндеттің шешілуі, Ембі мұнайшыларының жұмыс орындарын сақтап қалуға және келешекте көбейтуге мүмкіндік береді.
Қорды толықтыру үшін, терең горизонттарға бару қажеттілігін бәрі де жақсы түсінеді. «Ембімұнайгаз» АҚ аймақтағы жетекші мұнай өндіруші компаниялардың бірі бола отырып, ішкі корпоративтік процедураларды еңсере бастады және жер қойнауын пайдалану келісімшартын алу, келешегінен үміттендіретін Сарайшық, Жайық және Забуруье (тұзүсті) участоктарында тереңдегі тұзүсті шөгінділеріне бағытталған, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Инвестициялық комитетінің рұқсатын алды.