сайт статистики

Пресс-релиз 24.06.2015 ж. Жаңаталаптағы жаңа асхана

Пресс-релиз 24.06.2015 ж. Жаңаталаптағы жаңа асхана

24.06.15 ж. «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Жаңаталап кен алаңында 50 орынды блок түріндегі жаңа асхана жұмысын бастады. Тез жиналып-құрылуға арналған модульді нысанның лентасы салтанатты түрде қиылды.

Салтанатты шараға «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық кеңсесінің жауапты мамандары мен  «Жайықмұнайгаз» МГӨБ  мұнайшылары қатысты.

Нысанның лентасын қиған «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының жалпы мәселелер бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Қуандық Калидуллин Ембі өндірісінің барлығында осындай заман талабына сай жабдықталған әлеуметтік нысандардың салынғанын атап өтті.

- Мұнайшылардың алаңсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалынған. Кен алаңдары жатақхана мен асханалармен толықтай қамтылған. Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандарды кеңейту, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынуда. «Жаңаталап» мұнай-газ өндіру цехында бұрын 20 орындық асхана болған. Тарлық еткен жатақхана жәйін кеңейту көптен бері айтылып жүрген. Енді сол асхана мәселесі шешіліп, жұмысшылар кең, әрі іші жарық ғимаратта тамақтанатын болады Асхана жабдықтары негізінен Ресей елінен әкелінген. Асханада одан бөлек, телевизор, салқындатқыш орнатылған.Жаңа асханаға орнатылған бір ғана «пароконвектомат» жабдығын алар болсақ, ол - ас үй бөлмесінде 80 пайызға дейін пісіреді, қуырады, қайнатады, бұқтырады және тағы басқа көптеген функцияларды орындау мүмкіндігіне ие,- деді Қ. КАЛИДУЛЛИН.

Жалпы, Ембі кен алаңдарында тез құрастырылатын, модульді асхана салу соңғы кездерде жақсы жолға қойылған. Мәселен, ішінде асханасы қаралған 30 орындық жатақхана 2012 жылы «Доссормұнайғаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты «Қошқар»,  «Алтыкөл»   кен орнында пайдалануға берілді. Одан басқа, соңғы үлгідегі 12 орындық асхана жатақханасымен бірге «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс Новобогат, Гран  кен алаңдарында шілде айында пайдалануға берілетін болады.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі