Пресс-релиз 25.06.2015 ж.
Пресс-релиз 25.06.2015 ж.
25 маусым-Баспасөз, теледидар және байланыс қызметкерлерінің төл мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиев облыстық ақпарат құралдарының басшылары мен республикалық ақпарат құралдарының меншікті тілшілерін қабылдады.
Жұртшылықты толық әрі әділ ақпарат беретін баспасөз саласының қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалаған Құрманғазы Орынғазыұлы отандық мұнай өндіруші компанияның күнделікті тыныс-тіршілігі журналистер қауымы арқылы дер кезінде , шынайы түрде халыққа жетіп отырғанын атап өтті.
- Бүгінгі таңдағы елде болып жатқан басты оқиғалар сіздердің назарларыңыздан, ұшқыр қаламдарыңыздан тыс қалған емес. Сіздер оқырмандарыңызға, көрермендеріңізге болып жатқан басты оқиғаларды дереу жеткізу жолында аянбай қызмет етіп келесіздер,-деген Компанияның басшысы Атырау өңіріндегі кейбір басылымдардың жұмыстарына оқырман ретінде пікірін білдіре кетті.
Дөңгелек үстел басында өткен кездесуде «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры журналистер қауымын Компанияның алға қойған бағдарламаларымен де қысқаша таныстырып өтті. Бұдан соң салтанатты шара марапаттау рәсіміне ұласып, журналистер бағалы сыйлықтармен марапатталды.