Пресс-релиз 01.07.2015 ж. Басшы өндірісті аралады
Пресс-релиз 01.07.2015 ж. Басшы өндірісті аралады
01.07.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиев «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ кен алаңдарын аралады. Ембі өндірісінің ағымдағы жылдағы 5 айлық жұмыс жоспарының есебімен танысты.
Үш күндік сапар барысында Бас директор доссорлық, қайнарлық мұнайшылармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерімен, өндірісте орын алған проблемалық мәселелермен танысты.
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының атап көрсеткеніндей бүгінгі таңдағы басты проблема- ұңғымаларға жүргізілетін күрделі жөндеу жұмысының аралық кезеңін ұзарту және жұмыс сапасын арттыру. Кеңейтілген мәжілісте басшы Жер асты жабдықтарды жөндеу бригадаларының жұмыстарымен танысты.
«Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның Уаз кен алаңында ауқымды жұмыс қолға алынып, нәтижесінде эксперимент ретінде цифрлық жүйедегі кен алаңы болмақшы. Осы мақсатта кенішті абаттандыру, толық автоматтандыру жұмыстары үшін қаражат көзі қарастырылуда. Кен алаңындағы барлық жұмыстар онлайн жүйесінде атқарылмақшы.
Ембілік мұнайшылар басшымен болған кездесуде өндіріс аралық жолдың сапасын жақсарту мәселесіне ерекше тоқталды. Бас директор алдағы уақытта Ботахан-Қарсақ кен аралық 11 шақырымдық жол салынып, Байшонас-Ботахан аралық 4 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жүргізілетінін атап өтті. Ал, Доссор-Байшонас аралық 30 шақырымдық автожол «Ембімұнайгазх» АҚ-ның балансында болмағандықтан күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылмайды.
Кездесу барысында кеніштердегі әлеуметтік нысандардың жұмысы да назарға алынды. «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты арлық кен алаңы әлеуметтік нысан-мұнайшылар жатақханасымен толықтай қамтылған. Ендігі кезекте жатақхана мен асхана жұмысын жақсарта түсу мақсатында нысандарды кеңейту және оларға күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туандып отыр. «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның Қарсақ кен алаңында «Ембімұнайэнерго» басқармасының жұмысшылары үшін 12 орынды модульдік типтегі жатақхана салынып, Ботахан мен Шығыс Мақат кенішіндегі мұнайшылар жатақханасына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-на қарасты Ботахан кеніші мен «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның Кенбай мұнайшылар қалашығында денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, мұнайшылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар жанданбақшы. Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосында Компанияның демеушілігімен 10 тұрғын үй салынып, пайдалануға беру алдағы күннің еншісінде. Аудан тұрғындары үшін медициналық қызмет көрсететін стационарлық ем алу орталығы да «Ембімұнайгаз» АҚ-ның демеушілігімен ашылады деп күтілуде.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі