Пресс релиз. Ембілік үздік мамандар
Пресс релиз. Ембілік үздік мамандар
14.07.15-16.07.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша «Үздік маман-2015» кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Акционерлік қоғамға қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасындағы арнайы оқу-жаттығу полигонында өткен сайысқа «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармалары мен «Ембімұнайэнерго» және «ӨТҚжЖК» басқармасынан барлығы 83 қызметкер қатысып, 13 мамандық бойынша атап айтқанда, «Мұнай және газ өндіру операторы», «Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы, «Ұңғымаларды зерттеу операторы», «Мұнай дайындау операторы (тауарлы)», «Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы», «Жер қабаты қысымын сақтау операторы», «Мұнайға химиялық талдау жасау лаборанты», «Электргазбен дәнекерлеуші», «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу слесарі», «Темір жонушы», «ЦА-320» машинисі, «Жүк таситын көлік жүргізушісі», «Электромонтер» номинациялары бойынша өз біліктіліктерін сынға салды. Олардың барлығы да әрбір цехта алдын ала өткізілген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары.
Мұнайшылар арасындағы «Үздік маман – 2015» байқауының ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Ембімұнайгаз» АҚ» Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев Ембі өндірісі үшін де, мамандардың біліктілігі үшін де маңызды бұл шараның берері мол екендігіне сенімділігін білдірді.
Байқаудың басты мақсаты – үздіктерді анықтап, бір салада еңбек ететін әріптестердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына, жақсысын үйренуіне, біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдауына, түптеп келгенде, салалас еңбек ұжымдары арасында тығыз байланыс орнатылуына септігін тигізері анық.
Сонымен, екі күнге созылған сайыс өз мәресіне жетті. Он үш аталым бойынша озаттардың аты аталып, марапаттары табыс етілді. 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алып, ынталандыру сыйлығына ие болғандар сәйкесті диплом және ақашалай сыйлықпен марапатталды. Ал «Үздік маман» атанған жеңімпаздардың бәрі Түркия қаласына демалуға жолдама алды, сондай-ақ, олар онда біліктілігін көтеру курстарынан да өтеді. Сайыс кортындысы бойынша командалык жүлделі орындар да белгіленді. 1-орынды «Жайыкмунайгаз», 2-орынды «Қайнармұнайгаз», 3-орынды «Доссормунайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасы жеңіп алды.
Байқауды қорытындылаған «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары А.Габдуллин қарт Ембінің бүгінгі еңбеккерлері өндірісті өркендетуге үлкен еңбек сіңіріп жатқандығын атап өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі