Пресс релиз. Бастауыш партия ұйымында – жаңа төраға
Пресс релиз. Бастауыш партия ұйымында – жаңа төраға
«Ембімұнайгаз» АҚ-да бастауыш партия ұйымының кезектен тыс жиналысы өтті. Шараға Атырау қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Қ.Әзмұқанов, "Нұр Отан " партиясының Республикалық Саяси кеңес мүшесі, Атырау қалалық мәслихат депутаты , Атырау қалалық маслихатындағы "Нұр Отан" партиясы депутатық фракция төрайымы
Б.Хаменова қатысты. Жиынның күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды: бастауыш ұйымның жаңа төрағасын сайлау. Жиында сөз алған Қ.Әзмұқанов партияның қоғам өміріндегі алар орны мен мақсатына тоқталса, Б.Хаменова жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, келер ұрпақ, халық үшін еңбек ету абырой екенін атап өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағалығына жаңа кандидатура ұсынылып, оған бас директордың бірінші орынбасары А.Ғабдуллин лайық деп танылды. Оның кандидатурасын партия мүшелері бір ауыздан мақұлдады. А.Ғабдуллин сенім білдіргендеріне рахмет айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.