сайт статистики

Пресс релиз

Пресс релиз

 31 шілде  2015 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ акционерлік қоғамы мұнайшы балаларының жазғы демалысын жақсы өткізуіне жағдай туғызып, жыл сайынғы дәстүрлі шаралар да биыл да  жалғасты.

Балалардың  биылғы жазғы демалысының жаңалығы- Түркия еліндегі «Мардан Палас» лагері мұнайшылар балалары үшін есігін айқара ашты.   

Онда  жазғы каникул күндерінде барлығы 910 бала демалды.  Ал, Алматыдағы «Альтаир» және «Ақерке» лагерлеріне «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшыларының 1075 баласы тегін жолдамамен қамтамасыз етілді.  «Альтаир» лагеріне 655 бала, биыл ембілік балалар тұңғыш барған «Ақерке» лагеріне 537 бала жазғы демалыстарын мазмұнды да қызықты өткізіп қайтты.

Лагерге жолдама 7-14 жас аралығындағы балаларға берілді, әрбір маусымның ұзақтығы 14 күннен. Балалардың жазғы демалысы да ұжымдық шартта мұнайшыларға көрсетілген әлеуметтік көмектің бір парасы. «Ембімұнайгаз» АҚ жұмыс беруші ретінде өз міндеттемесін толық орындап, балаларға берілетін жолдаманың 100 пайыздық өтемін мойнына алды. 

Баспасөз қызмет