Пресс релиз. Ембі мұнайшыларының балалары қазақ эстрадасының жұлдыздарымен кездесті
Пресс релиз. Ембі мұнайшыларының балалары қазақ эстрадасының жұлдыздарымен кездесті
31 шілде 2015 ж. Бүгінгі қазақ эстрадасының жұлдыздары Ернар Айдар мен Руслан Мамытов Анталия қаласындағы «Мардан Палас» лагерінде дем алып жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің, жұмысшыларының балаларына өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Жұртшылық арасында «Гүлдейсің», «Ана», «Қайдасың», «Ауылға сағыныш» сияқты әндерімен тез танылған Ернар Айдар жас тыңдармандары-мұнайшы балаларының алдында соңғы уақытта көп айтылып, жақсы бағаға ие болып жүрген әндерін орындады. Балалар концерттік бағдарламаның арасында эстрада жұдыздарымен естелік суретке түсіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кездесуді жандандыра түсті. Ернар мен Руслан жақсы әнді таба білу, оған жақсы бейне түсірілім дайындау туралы өз ойларын ортаға салып, алдағы жоспарларымен жас тыңдармандарын құлақдар ете отырды.