Пресс-релиз 06.08.15 ж. Мұнайшылар спартакиадасы өтті
Пресс-релиз 06.08.15 ж. Мұнайшылар спартакиадасы өтті
06.08.15 ж. «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Прорва кен алаңында денешынықтыру –сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Спорт кешенінің ашылу салтанатына орай ембілік мұнайшылардың арасында спартакиада ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттауды және жұмысшылардың ауызбіршілігін нығайтып, ұжым ішілік бірлікті дамытуға арналған мұнайшылар спартакиадасы мұнайшылар күні және ҚР Кәсіподақ ұйымының 95-жылдық мерекесі қарсаңында өтіп отыр. Салауатты өмір сүру қағидасын ұстанған бұл спорт додасына «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты мекемелердің 7 командасы қатысты. Мұнайшылар спартакиадасы екі кезеңге бөлініп ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде мұнайшылар шағын-футбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақтан сынға түссе, екінші кезеңде волейбол, шахмат, жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілмекші. Прорва кен алаңының «Каспий самалы» мұнайшылар қалашығында өткен шара-спартакиаданың 1-кезеңінің қорытындысы бойынша «Доссормұнайгаз» МГӨБ құрама командасы 1-орынды иеленді. Қалған екі орынды «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ құрама командалары өзара бөлісті.
Шағын аяқ доптан, үстел теннисі мен тоғызқұмалақ спорт түрлерінен топ жарған жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Ембілік мұнайшылар тамыз айының 21-жұлдызында Доссор кентінде өтетін спартакиаданың 2-кезеңінде кездеспекші.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі