Пресс-релиз 11.08.15 ж. «Үздік маман-2015» байқауы өтті
Пресс-релиз 11.08.15 ж. «Үздік маман-2015» байқауы өтті
11.08.15-13.08.15. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ -на қарасты кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында «Үздік маман-2015» кәсіби шеберлік байқауы Маңғыстау облысында өтті. Осымен 8-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шараға «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС компанияларының 58 қызметкері қатысып, 11 мамандық бойынша өзара сынға түсті. Олардың барлығы да өз мекемесінің «үздік» деп танылған мамандары. «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша 14 маман қатысып, Ембінің намысын қорғады.
Байқау 11 мамандық бойынша өткізілді: мұнай мен газды өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, мұнайды дайындау операторы (тауар операторы), қабат қысымын қадағалау операторы, ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы (бригада), мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу слесарі, газ-электр дәнекерлеушісі, токарь, электромонтер (бригада), химиялық сараптама лаборанты, автоматика және бақылау-өлшеу құрылғыларының слесарі. Екі күнге созылған байқау теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрды. Қорытындылау барысында комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін ұстануына, тәжірибелік тапсырманы орындау уақыты мен сапасына, теориялық дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлді.
«Мұнай мен газды өндіру операторы» номинациясы бойынша Ерболат Жұмағалиев («Қайнармұнайгаз») 2-орынды, «Ұңғымаларды зерттеу операторы» номинациясы бойынша Жұмабай Аманов («Қайнармұнайгаз») 2-орынды, «Мұнай дайындау операторы» (тауар операторы) номинациясы бойынша Нұрлан Сапаров («Жайықмұнайгаз») 4-орынды, «Қабат қысымын қадағалау операторы» номинациясы бойынша Иван Қали («Қайнармұнайгаз») 4-орынды , «Ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы» (бригада) номинациясы бойынша Нұртас Сақиев, Жандарбек Құлжабай, Аслан Жалмағамбетовтер (Қайнармұнайгаз») 3-орынды, «Мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу слесарі» номинациясы бойынша Ақылбек Әлиев («Жайықмұнайгаз») 3-орынды, «Газ-электр дәнекерлеушісі» номинациясы бойынша Әнуарбек Бітімалиев («Жылыоймұнайгаз») 5-орынды, «Токарь» номинациясы бойынша Гурьев Латиф («УПТОиКО») 4-орынды, «Электромонтер» (бригада) номинациясы бойынша Әлібек Төлепов, Мейрамбек Үмбеткалиев, Қуандық Хасанов («Ембіэнергомұнай») 2-орынды, "Химиялық сараптама лаборанты» номинациясы бойынша Зарина Набиева («Жайықмұнайгаз») 4-орынды иеленді.
Әр мамандық бойынша үздік деп танылған байқау жеңімпаздары «Үздік маман-2015» төсбелгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақы алды. Алдын-ала ұйғарым бойынша жүлделі бірінші, екінші және үшінші орын алған байқаудың жеңімпаздарының жалақысына бір жыл бойы тарифтік мөлшерлеменің 30%, 20% және 10% көлемінде қосымша ақы төленеді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі