Пресс-релиз 28.08.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ 2015 жылы мұнай өндіру көлемін арттырады
Пресс-релиз 28.08.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ 2015 жылы мұнай өндіру көлемін арттырады
28 тамыз 2015 ж. Мұнай бағасының құлдырауына орай туындаған әлем нарығындағы қаржы дағдарысына қарамастан 2015 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) өнім өндіру жоспарын 21 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр.
Бұл орайда Компанияның бас директоры Қ.Есқазиев мұнай бағасының құлдырауына байланысты туындайтын қиындықтардың алдын алу мақсатында өндірістің шығындарын азайту басты назарда ұсталатынын атап өтті.
- 2015 жылғы Компанияның бюджеті мұнайдың бағасы бір баррелі 50 доллар болғанда 24 млрд. теңгеге шығынмен есептелінуде. Алайда, біз өнім өндіру көрсеткішін төмендетпеумен қатар, жоспардан тыс қосымша 21 мың тоннаға артық орындап, жыл соңында бюджетімізді 264 млн. теңгеге артық орындауды көздеп отырмыз. Бүгінгі таңдағы доллардың бағасы Компания бюджетінің табыстылығына жол ашуда.
«Ембімұнайгаз» АҚ жұмысшылар қатарын қысқатрпауды, жалақы деңгейі мен әлеуметтік көмек пакетін сақтауды –үнемі назарда ұстап отыр. 2014 жылы мұнай бағасының бір баррелі 115 долларға дейін көтерілгенде Компания республикалық бюджетке 197 млрд. теңге көлемінде салық төледі. Ал, ағымдағы жылы мұнай бағасының бір баррелі 50 доллар болғанда бұл көрсеткіш 96 млрд. теңгені құрап отыр.
Компания қысқа мерзім ішінде геологиялық жұмыстарды жандандыру арқылы қорды толықтыруды көздеуде. Бұл орайда өнімділігі жоғары жаңа участкаларда геолого-барлау жұмыстарын жүргізу үшін дайындықтар жүргізілуде.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша анықтама алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Ғалия Қаражанова - G.Karajanova@emg.kmgep.kz, тел: +7 (7122) 99-34-21, +7 (7122) 35-50-56 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова - L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел: +7 (7122) 99-34-77 (орыс тілінде)
Анықтама үшін:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «КМГ» ҰК» АҚ-ның құрамындағы «КМГ» БӨ» АҚ еншілес мекемесі. «Ембімұнайгаз» АҚ –ның құрамында 6 мекеме бар. Олар «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз» , «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық басқарма : «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК». «ЕМГ» АҚ 41 мұнай-га кен алаңы бар, олардың 33 өнім өндіріледі. Компанияда 5560 адам еңбек етуде.