сайт статистики

Пресс-релиз 11.09.2015 ж.

Пресс-релиз 11.09.2015 ж.

07-11 қыркүйек аралығында Қазақстанда алғаш рет метан шығынын  азайту мақсатын зерттеу жұмыстары басталды.  Пилоттық жоба «Ембімұнайгаз» АҚ-да іске қосылды.

Қазақстан  мен Норвегия мемлекеттері арасында ауа құрамындағы метан шығынын азайту мақсатында келісімшартқа қол қойылды. Бүгінгі таңда екі еларалық бекітілген құжат аясында жұмыс басталып та кетті. Метанның ауаға таралуын болдырмау мақсатындағы тың бастамаға  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Норвегиялық компания «Carbon limits»  ат салысып отыр. 

Қазақстан бойынша пилоттық жоба ең алдымен «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ» АҚ) өндіріс алаңдарында іске қосылды. Нақтылайтын болсақ, Норвегиялық компания «Carbon limits» қызметкерлері Ембі өндірісінде ауаға тасталар метан шығынын   мөлшерін анықтау мақсатында   «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының С.Балғымбаев пен Оңтүстік Батыс-Қамысты кен алаңдарында, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва, С.Нұржанов атындағы мұнай  кенішінде  болып, мұнай өндіру мен дайындау жұмыстарымен, өнімді сақтау, ілеспе газды тазалау және қадеге жарату шараларымен жан-жақты танысты.

 «Carbon limits»  компаниясы Қазақстанда алғаш рет жобаны бастап отырса да, бұл орайда жиған  тәжірибелері мол. АҚШ, Украина, Канада елдерінде метан шығынын азайту пилоттық жобасын іске қосып, сәті аяқтаған. Әсіресе, Украиналық «Укргазвидобування» мемлекеттік газ өндіруші компаниясындағы осы мақсаттағы жұмыс табысты аяқталған. Украина елінде өндірілетін газдың  75 пайызын  еншілеген «Укргазвидобування»  компаниясында  пилоттық жобадан кейін метан шығынының ауаға тасталуы айтарлықтай азайған. Ал, Норвегия елі болса бүгінгі таңда метан шығынысыз өндірісті дамытып отыр.

- «Ембімұнайгаз» АҚ өндіріс алаңдарында іске қосылған пилоттық жоба біз күткендей нәтиже береді деген сенімдеміз. Метанның ауа қабатына зиянды әсерін азайту, оны энергия көзі ретінде тиімді пайдалану, газды үнемдеу мақсатындағы жұмыстар  жанданады деп күтілуде,- дейді «Ембімұнайгаз»   АҚ қоршаған ортаны   қорғау департаментінің директоры Сәлима Абитова.

Жоба жұмыстарының қорытындысында шет елдік мамандар Ембі өндірісінде  парниктік газдың атмосфераға тасталуын азайту шараларының бағыттарын анықтап, метан шығынын  азайтудың жаңа технологияларын ұсынбақшы.

 «ЕМГ» АҚ баспасөз қызметі  

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Мамандар саны-5560 адам.