Пресс-релиз 21.09.2015 ж.
Пресс-релиз 21.09.2015 ж.
Әлеуметтік желіде жарияланған «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жұмысшысы Бектас Бисенбаевтың мемлекеттік органдарға хат жолдағаны жөніндегі мәліметке орай, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай «ЕМГ», Компания) төмендегідей жауапты жариялайды. Б.Бисенбаев өзі еңбек ететін «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында орын алған кемшіліктер баяндалған арызын 2014 жылдың маусым айы мен 2015 жылдың қаңтар айының басында «ЕМГ» АҚ басшылығына жолдаған. Арызда айтылған жәйттарды анықтау үшін Компания Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарының төрағалық етуімен құрамында 6 департамент директоры кірген комисссия құрылған. Қызметтік тексеру барысында арызда баяндалған 6 фактінің тек біреуі ғана дәлелденіп, анықталған кемшілікке жауапты лауазым иелеріне тәртіптік шара қолданылды. Әлеуметтік желіде жарияланған Компания қызметіндегі қаржылық, жемқорлық әрекеттердің орын алғандығы туралы деректер дәлелденбеді.
«ЕМГ» АҚ өндірістік, қаржылық қызметтері жөніндегі жалған деректер Компанияның имиджіне кері әсер ететінін ескере отырып, Компания шындыққа сәйкес келмейтін деректердің жариялануы турасында тиісті органдарға шағымдану құқығын өзіне қалдыратынын ескертеді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Мамандар саны-5560 адам.