Ембіліктер Құрбан айт мерекесін тойлады
Ембіліктер Құрбан айт мерекесін тойлады
25.09.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының ұжымы мұсылмандардың діни мерекесі - «Құрбан айтты» тойлады. Шараға «ЕМГ» АҚ Бас директоры Қ.Есқазиев, мұнай-газ саласының ардагері, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Есен Тасқынбаев қатысты. Құрбан айт мерекесін тойлауға Орталық аппараттың ұжымы қаражат жинап, барлық ұйымдастыру жұмыстарын өз жауапкершіліктеріне алды. Діни мерекеге арнайы шақырылған Атырау облыстық «Иманғали» атындағы Орталық мешіттің имамы барша ұжымды айтулы күнмен құттықтап өтті.
- Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке - Құрбан айт мейрамы айрықша аталып келеді. Ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге бастаған мейрам - Құрбан айт құтты болсын!", - деген имамның сөзін ардагер Есен Тасқынбаев, компания басшысы Қ.Есқазиев жалғастырып, барша ұжымға жылы лебіздерін арнады.
Баспасөз қызметі