сайт статистики

«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ бүгін ҚМГ БӨ бас директоры (басқарма төрағасы) болып Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ тағайындалғанын ресми мәлімдеді.

«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ бүгін ҚМГ БӨ бас директоры (басқарма төрағасы) болып Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ тағайындалғанын ресми мәлімдеді.

Құрманғазы Орынғазыұлы ЕСҚАЗИЕВ соңғы тағайындауға дейін «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) қызметін атқарды.

Қ.Есқазиев ЕМГ-дегі қызметін ЕМГ Басқарма төрағасы міндеттерін орындаушы бас директордың бірінші орынбасары ретінде қосымша атқарып, бұл қызметін ол ҚР-дағы бір ең төменгі еңбекақы окладымен, бұған дейін оның алдына қойылған міндеттерді, яғни, жаңа жобаларды енгізу мен өндіріс тиімділігін арттыруды толықтай жүзеге асырғанға дейін жалғастыратын болады.   

«Ембімұнайгаз» баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме - «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары. Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.