сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) Африканың 7 елінен делегация өкілдері келді

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) Африканың 7 елінен делегация өкілдері келді

Екі ел арасындағы әріптестік байланыс Қазақстандағы  БҰҰ  даму бағдарламасының жобасы аясында жүзеге асты. Қазақстан мемлекеті тарапынан Африка, Тынық мұхит және Кариб аралы аймағындағы  жас мамандарға  трениннгтер ұйымдастыру арқылы техникалық көмектер көрсету қолға алынуда. Ағымдағы жылдың 20-31 қазан аралықтарында Атырауда ұйымдастырылған Африкалық мамандарға  арналған    треннинг «APEC Petrotechnic» (бұдан былай  АРЕС Petrotechnic)   жоғары техникалық білім беру мектебінің базасында өтуде. АРЕС Petrotechnic- маман дайындауда дуальдық оқу жүйесі мен стипендия төлеу бағдарламалары бойынша ЕМГ-нің әріптесі саналатынын айта кеткен жөн.

Кеше, құрамында  мұнайгаз саласы мен мемлекеттік қызметкерлер бар 19 африкалық маман мен БҰҰ даму бағдарламасының өкілдері мен волонтерлар ЕМГ бас офисінде және Исатай ауданының аумағында орналасқан «Жайықмұнайгаз» МГӨБ кен алаңдарында болды.

-  Қазақ мұнайының бастауында тұрған «Ембімұнайгаз» АҚ  облысымыздың 4 ауданында өнім өндіруде. Жергілікті тұрғындар алдындағы жауапкершілікті жақсы сезінеміз. Оларды Компания әлеуметтік қамқорлыққа алған,- деді африкалық мамандармен болған кездесуде компания бас директорының өнім өндіру және игеру жөніндегі  орынбасары Қанатбек Қасымғалиев.

Кездесу барысында африкалық қонақтар «Ембімұнайгаз» АҚ өнім өндіру, мұнай мен ілеспе  газды тасымалдау  барысында жаңа техноглогияларды қолданысқа енгізуі, кәсіпорынның бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, қызмет ету барысындағы жергілікті қамту мен корпортативтік жауапкершілік сияқты сауалдардың қалай шешімін тауып жатқанына  қызығушылық танытты.

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ кен алаңдарында болған африкалық мамандар ілеспе газды дайындау және кадеге жарату қондырғысының жұмысымен, мұнай өндіру барысындағы қондырғылардың жұмысы мен олардың жаңғыртылуымен, мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатындағы оқу полигонының жұмысымен танысты.  Отандық мұнай өндіруші компанияның кен алаңдарында ұйымдастырылған экскурсия барысында шет елдік мамандар ЕМГ тарапынан өздерін қызықтырған сауалдарға толық жауаптарын алды.

Компанияның баспасөз қызметі.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Мамандар саны-5560 адам.