сайт статистики

2015 жылдың 30-қазаны күні «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ) «2016 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспары» бойынша қоғамдық тыңдау өткізді

2015 жылдың 30-қазаны күні «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ) «2016 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспары» бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.

Қоршаған ортаны қорғау жұмыс жоспарының аясында ЕМГ   ауа қабатын , су ресурстарын және топырақ жамылғыларын  сақтау мақсатында кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.

- Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы мен  табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасы қоғамда бар. Өндіріс бар жерде экологиялық проблемалар да туындайды.  Біздің мақсатымыз-  осы проблеманы кезең-кезеңімен шешу,   экологияны сақтау талаптарын орындау. Бұл орайда «Ембімұнайгаз» АҚ жыл сайын  осы мақсатқа қомақты қаражат аударып,    ауқымды жұмыстарды нәтижелі етуде,- деп атап өтті «ЕМГ» АҚ бас директорының орынбасары Айболат Ғабдуллин.  

2016 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жұмыс жоспарына байланысты өндірісте зиянды газ қалдықтарын азайту,  мұнай кен алаңадарындағы жер асты және  топырақ суына бақылау орнату,  «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Тәжіғали кен алаңындағы суға кеткен және суда қалған ұңғымаларды қадағалау, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ кен алаңдарында 71 ұңғыманың саға маңы алаңдарын,  канализациялық бекітпелерін  жайластыру, ЕМГ келісімді территориясындағы мұнай өнімдерімен ластанған участоктарды анықтап, рекультивациялау жобасы мен сметасын жасау, қалдықтарды қайта өңдеу, өндірістік-экологиялық мониторинг өткізу, атмосфераға жіберілетін ластағыш заттар ПДВ мен шектеулі-рұқсат етілген қалдықтар нормативтерінің жобасын жасау, МГӨБ қызметкерлері мен халық ішінде экологиялық үгіт-насихат жүргізу   үшін тексеру жұмыстарын жүргізу назарда.

Қоғамдық тыңдау кезінде  компания өкілдеріне   экологиялық мониторингтің  жүргізілуі, өндіріс қалдықтарын өңдеу, су ресурстарын пайдалану жөнінде сұрақтар қойылып,  экологиялық шараларды кеңінен насихаттау мақсатындағы ой-ұсыныстар ортаға салынды. Кездесуде қойылған сауалдарға компания өкілдері жан-жақты, нақты жауаптарын берді.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.