«Ембімұнайгаз» АҚ 2015 жылдың мамыр айында болған қатты нөсердің салдарынан баспаналары жарамсыз болып қалған жандарға көмек көрсетті
«Ембімұнайгаз» АҚ 2015 жылдың мамыр айында болған қатты нөсердің салдарынан баспаналары жарамсыз болып қалған жандарға көмек көрсетті
Тұруға жарамсыз деп танылған бір баспананы толығымен қайта тұрғызып, төрт үйді күрделі жөндеуден өткізді.
«Ембімұнайгаз» АҚ мен Атырау облысы әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық Меморандумының аясында өңірде әлеуметтік шаралар қолға алынуда. Компания өз тарапынан облыс инфрақұрылымының дамуына үлес қосып, көмекке зәру жандарға әлеуметтік қолдаулар көрсетуде.
2015 жылдың мамыр айындағы қатты нөсерден зардап шеккен жандарға көмек ретінде «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы бір күндік жалақыларын аударып, жиналған 18 млн. теңге «Ембі-Демеу» қорына аударылды. Қаражатқа жалғыз ілікті зейнеткер Қалым Құрмановтың бұзылған ескі баспанасының орнына жаңа үй салынып, көп балалы отбасылар және тәрбиесінде мүмкіншілігі шектеулі балалары бар Жұмагүл Көпбергенова, Ренат Сапаров, Лидия Оттенбахер, Әйгерім Сүлейменовалардың баспаналары толықтай күрделі жөндеуден өтті.
Баспаналарды тұрғындарға салтанатты түрде табыс ету шарасына компания бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Н.Тасмағамбетова, департамент директоры Қ.М.Калидуллин және тұрғындар, БАҚ өкілдері қатысты.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.