сайт статистики

Мұнайшылар Елбасының Жолдауын ұйымшылдықпен тыңдады.

Мұнайшылар Елбасының Жолдауын ұйымшылдықпен тыңдады.

30.11.15 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы Елбасының қазақстандықтарға арнаған кезекті Жолдауын тікелей эфир арқылы  тыңдады.

Биылғы Жолдауда айтылған жаһандағы өзекті мәселелерге : әлем елдерін алаңдатқан қаржы дағдарысы, мемлекеттердің арасындағы қырғи қабақ қатынастар, әр түрлі экономикалық санкцияларға ембілік мұнайшылар да алаңдаушылық білдіреді. Мұнайшылармен болған кездесулерде Компания басшылығы қаржы дағдарысына қарамастан жұмысшылар қатарынан қысқартулардың болмайтындығы, оларға көрсетіліп келген әлеуметтік көмектердің толығымен сақталатындығы баса айтылып отыр. Бүгінгі таңда Компанияда мұнайшылардың және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған бағдарламалар жасақталынуда.

Мұнайшылардың алдындағы басты міндет- жаңа мұнай кен алаңдарын іздестіру, іске қосу биылғы Жолдауда да кеңінен айтылып өтті. Бұл ембіліктерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ембілік мұнайшылар  «  Елбасы өз Жолдауында   атап өткендей, бұл дағдарыс та өткінші құбылыс.  Ұжымдағы бірліктің арқасында қаржы  дағдарысынан  қиналмай өтіп, тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің біріне айналуы жолында еңбек етеміз»  деген оймен тарқасты.

Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.