Мемлекеттік сыйлыққ - «Ембімұнайгаз» АҚ басшысына
Мемлекеттік сыйлыққ - «Ембімұнайгаз» АҚ басшысына
Бүгін, 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлына «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты салтанатты түрде табыс етті.
Қазақстан Ресубликасы Президентінің Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі Жарлығына 2015 жылдың желтоқсан айының 3- жұлдызында қол қойылды. Бұл - мемлекет пен қоғам алдындағы ғылым мен техника саласын дамытуға қосқан үлестері үшін жылына екі рет берілетін жоғары марапат. Биылғы жылы 26 ғылыми еңбек Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Үш кезеңнен тұратын талдау жұмыстарының қорытындысы мен республика жұртшылығының кең талқысынан соң комиссияға 7 ғылыми жұмыс ұсынылды. «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғандардың арасында сонымен қатар мұнайшы –геологтар О. Ақшолақов, Г.Жолтаев, П.Коврижных, Б.Қуандықов, Е.Огайлар да бар. Айта кететін жәйт, соңғы рет өткен ғасырдың 80 -жылдарыда Теңіз кен алаңын ашқандары үшін бір топ мұнайшылар Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған еді.
Жоғары бағаланған аталмыш ғылыми еңбекте сейсмикалық және геолого- геофизикалық жұмыстар, барлау-бұрғылау жұмыстарының қорытындысы, зерттеу жұмыстарының нәтижелері қамтылған. Бірлескен жұмыстың қорытындысында мұнай-газ саласының ресурстары 3 есеге өскен. Мұнай-газ іздестіру аймақтары туралы Атлас құрастырылды. «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы зерттеу жұмыстарының материалдары «Еуразия» инновациялық жобасының негізі ретінде қолданылып, 2014-2019 жж. және 2030 жылға дейінгі кезеңдерді қамтитын шикізатты зерттеу мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.
Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев 1965 жылдың 11 мамырында Атырау облысында дүниеге келді. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институттың мұнай факультетін тау кен- инженері мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолы «Эмбанефть» ӨБ Балықшы барлау бұрғылау басқармасында басталды. Ұңғымаларды цементтеу операторы, барлау экспедициясының геологы, аға геолог, жетекші геолог мамандықтары бойынша еңбек етті. 1995-2015 жж. аралықтарында Атырау ұңғымаларды күрделі жөндеу және қойнауқаттың өнім беру деңгейін көтеру басқармасында, «Ембімұнайгаз» ААҚ, «КМГ»БӨ» АҚ, «КМГ»ҰК» АҚ Орталық аппаратында басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Геолого-зерттеу, кен алаңдарын игеру, жер қойнауын пайдалану жаңа жобалары бойынша стратегиялық әріптестермен келіссөздер жүргізу, Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ ірі мұнай кен алаңдары жобаларындағы үлестерді басқару мәселелерін қарады.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры, Басқарма төрағасы, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры болып тағайындалды. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары, «ЕМГ» Басқарма төрағасының м.а. қызметтерін республикадағы ең төменгі жалақы деңгейіндегі айлықпен қоса атқаруда.
«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.