Мұнайшылар Тәуелсіздік мерекесінің 24 жылдығын атап өтті
Мұнайшылар Тәуелсіздік мерекесінің 24 жылдығын атап өтті
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас кеңсесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған акционерлік қоғамға қарасты барлық басқарма ұжымдарының өкілдері мен орталық аппараттың мамандары қатысты.
Шарада «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Габдуллин мұнайшыларды Тәуелсіздік мерекесінің 24 жылдығымен құттықтап өтті. Бұдан соң салтанатты жиын марапаттау рәсіміне ұласты. Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан табысты еңбектерімен, өндірісте қол жеткізген зор жетістіктері үшін жекелеген мамандар «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен, KAZENERGU Ассоциациясының Құрмет грамотасымен, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік төс белгісімен, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Алғыс хатымен, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, «Ембімұнайгаз» АҚ Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шарада облыстық Н.Жантөрин атындағы филармонияның өнерпаздары ембілік мұнайшылардың назарына мерекелік бағдарламаларын ұсынды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.