«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі Компания) қайырымдылық және демеушілік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп беру жиналысы өтті
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі Компания) қайырымдылық және демеушілік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп беру жиналысы өтті
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысы тұрғындарының алдында әлеуметтік жауапкершіліктерін жете түсінеді. Өндіріс алаңдары орналасқан аймақтардың инфрақұрылымының дамуына үлес қосып, көмекке зәру жандарға үнемі әлеуметтік қолдау көрсетуде.
Облыстағы №1 Қазыбаев атындағы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін, соғыс ардагерлерін, мүгедектер ұйымын, мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған медициналық орталықтарын қамқорлыққа алған. Компания тек 2013-2014 жылдарда қайырымдылық шараларына 1 млрд. астам теңге қаражат жұмысады.
Атырау облысы бойынша ДЦП ауруымен ауыратын балаларға бірден-бір ем көрсететін орталық «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің есеп шотына 8,3 млн. теңгеден артық қаражат аударылды.
Компания соғыс және тыл ардагерлерін тұрақты қамқорлықтарына алған. Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдыстырылған мәдени шараларға 1,6 млн. теңгеден артық қаражат аударды.
Үстіміздегі жылдың көктем маусымында қатты нөсерден салдарынан баспаналары қатты бұзылған қала тұрғындарына алғашқылардың бірі болып ембіліктер көмек қолын созды. Қатты нөсерден зардап шегіп, баспанасыз қалған жандарға көмек ретінде «Ембімұнайгаз» АҚ мамандары бір күндік жалақыларын аударды. Жиналған 18 млн. теңге «Ембі-Демеу» қорына аударылып, баспананың құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекемесі анықталды. Жиналған қаражатқа жалғыз ілікті зейнеткер Қалым Құрмановтың бұзылған ескі баспанасының орнына жаңа үй салынып, көп балалы отбасы және тәрбиесінде мүмкіншілігі шектеулі балалары бар Жұмагүл Көпбергенова, Ренат Сапаров, Лидия Оттенбахер, Әйгерім Сүлейменовалардың баспаналары күрделі жөндеуден өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама: «ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.