«Ембімұнайгаз» АҚ жаңа жылдық жасыл шырша қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
«Ембімұнайгаз» АҚ жаңа жылдық жасыл шырша қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Желтоқсан айының 26-29 аралықтарында «Ембімұнайгаз" АҚ (бұдан әрі Компания) Атырау облысындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіншілігі шектеулі балалар шақырылған «Балаларға бақыт сыйла» атты жаңажылдық жасыл шырша мерекесін ұйымдастырды. Мерекелік шараға барлығы 1300-ге тарта бүлдіршін қатысты.
Бас директордың жаңа жобалар мен технологиялар жөніндегі орынбасары Әнуар Жақсыбеков облыс аумағында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-Компанияның жергілікті жұртшылықты әлеуметтік жағынан қолдау барысындағы басты ұстанымы екенін баса айтты.
- Жер қойнауын игеруші кәсіпорын ретінде мұнайлы өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдау, оларға қаржылай демеушілік көрсету барысындағы жауапкершілігімізді жақсы түсінеміз. Бүгінгі қаржы дағдарысы кезінде де әлеуметтік бағдарламаны нәтижелі ету- біз үшін парыз.
28 желтоқсан күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында өткен жасыл шырша шарасына 500-ге тарта бала қатысты. Шарада балалар театрландырылған қойылымды тамашалап, Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алып, мұнайшылар дайындаған сыйлықтарға ие болды.
Атырау облыстық санаторий типтес №4 мектеп-интернатының, №1С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін, облыстық балалар ауруханасының ем алушыларына, №3 балалар сауықтыру орталығының балаларына, «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестікте ем алып жатқан жас бүлдіршіндерге жаңажылдық мерекелік шаралар, сыйлықтар ұйымдастырылды. Мәдени шараларда арнайы мерекелік бағдарламалар дайындалып, әр түрлі сайыстар, балалардың Аяз ата мен Ақшақармен кездесулері, естелік суретке түсірулер ұйымдастырылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама: «ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».
Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.