«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай «ЕМГ» АҚ немесе Компания) Футбол командасы С.Қазыбаев атындағы №1 интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай «ЕМГ» АҚ немесе Компания) Футбол командасы С.Қазыбаев атындағы №1 интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті
Ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні «ЕМГ» АҚ футбол командасы С.Қазыбаев атындағы №1 интернат тәрбиеленушілерімен кездесті. Компания бірнеше жыл қатарынан бұл интернатты өздеріне шефтік көмекке алған. Бүгінгі таңда интернатта 48 бала тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілер осы кездесуге арнайы дайындалған концерттік бағдарламаларын көрсетіп, мұнайшы-футболшылар алдында өздерінің өнерлерін көрсетті. Компания қызметкерлері өз кезектерінде ойыншылардың есімдері жазылған футбол добын және тәтті тағамдарды сыйға тартты. Сонымен қатар, мұнайшы-футболшылар 2015 жылдың қорытындысы бойынша жақсы ойын көрсеткендері үшін жүлделі 2-орынды иеленген облыстық чемпионаттағы бағалы сыйлықтарын, музыкалық орталықты балаларға тарту етті.
Кездесудің соңында естелікке суретке түсіп, Компания қызметкерлері балаларға жылы тілектерін арнады.
С.Қазыбаев атындағы №1 интернаттың тәрбиеленушілері осымен бірнеше жыл қатарынан ембілік мұнайшылардың әлеуметтік қамқорлығында. Компанияның футбол командасының құрамында: акционерлік қоғамның құрамына кіретін мұнай-газ өндіру басқармаларында еңбек ететін мұнай-газ өндіру операторлары, электрик-монтерлар, көлік жүргізушілер, дәнекерлеушілер және орталық аппараттың қызметкерлері бар.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.